Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Экологиялық жағдайды жақсарту үшін министрлік не істеді?

Экологиялық жағдайды жақсарту үшін министрлік не істеді?

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында министрлік заңнамалық базаны жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс атқарды.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекспен ілеспе және табиғи газдарды алауларда жағуға тыйым салынған. Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі міндеті заңнамалық түрде белгіленген, - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
Сондай-ақ алауларда жағылатын газ көлемі де біршама қысқарған.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде алауларда жағылатын газ көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 8 есеге азайды. 2006 жылы бұл көрсеткіш 3,1 млрд куб метрді құраса, 2020 жылы 390 млн куб метрге тең болды. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс жалғасуда, - деді ведомство басшысы.

baq.kz​​​

04 қараша 2021 ж. 301 0