Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2023 жылға дейін полицейлердің жалақысы 90 пайызға өседі

2023 жылға дейін полицейлердің жалақысы 90 пайызға өседі

Полицияның қызметтік бөлмелеріне жаппай камера орнатылады. Жыл соңына дейін ішкі істер органдарында 15,5 мың, түрме ғимараттарында 33 мыңдай бейнебақылау камерасы қойылмақ. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында ішкі істер министрі айтты. Оның сөзінше, Қазақстан қауіпсіздіктің сенімді деңгейі бар елдердің қатарына кіреді. 
Бүгін Мәжіліс ғимаратында әр шаршы метрге шаққандағы полицейлер саны рекордтық санды көрсетті десек қателеспейтін болармыз. Себебі Ішкі істер минстрлігі депутаттарға өз жетістіктері мен жаңашылдықтарын көрсету үшін кең құрамда келген. Әуелі парламент қабырғасында тәртіп сақшыларының қазіргі таңда қолданып жүрген заманауи технологиялары мен әдістерінің көрмесі көрсетілді. Министр Тұрғымбаевтың сөзінше, еліміздегі кримоногендік жағдай тұрақты. 2019 жылдан бері полиция реформасы кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Соның аясында тәртіп сақшыларыныың саны 11 пайызға, яғни 10 мың қызметкер қысқарған. Есесіне полицейлердің жалақасы өсіп келеді. 2023 жылға дейін 90 пайызға өседі деді министр. Жиында Ресей нөмірімен жүрген көліктерге де қатысты министрліктің ұстанымы айтылды.
Министрдің сөзінше, әлемдік пандемия полиция жұмысына өзгерістер енгізді. Пандемия кезінде полиция қызметкерлері дәрігерлермен бірге күндіз-түні, уақытпен санаспай жұмыс істеді. Күніне 12 мың қызметкер жұмысқа шықты. Карантин жарияланғанда 50 мың қызметкерге дейін жұмылдырылды. Өкінішке қарай, пандемиядан 34 қызметкер қайтыс болды. 20 мыңға жуық қызметкер аурудан жазылып шықты. Жиында полиция реформасына қатысты тағы да басқа өзекті мәселелер айтылды. 
qazaqstan.tv


08 қараша 2021 ж. 428 0