Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылдан бастап төтеншеліктердің жалақысы көтеріледі

2020 жылдан бастап төтеншеліктердің жалақысы көтеріледі

2020 жылдан бастап Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің айлығы көтеріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz 
 «Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерін – айлығы өсетін қызметкерлердің қатарына енгізіп жатырмыз. Олардың айлығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріледі. Бұл жерде ТЖК қызметкерлерінің айлығы тәртіп сақшыларының айлығын көтергендей амал-әдіс қолданылады. Яғни, ТЖК қатарындағы қызметі ең ауыр мамандардың айлығы 60-65 пайызға артады», - деді Алексей Калайчиди ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
 Ішкі істер министрінің орынбасарының айтуынша, өрт сөндірушілердің айлығы патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысынан аса кем емес.
«Сондықтан, олардың айлығын 65 пайызға көтеру бастамасы өте орынды деп есептеймін. Біздің болжауымызша, олардың айлығы шамамен 140 мың теңгеге жетіп қалуы керек», - деді ол.
 Еске сала кетсек, бүгінгі баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлерді кезектен тыс аттестациялаудың қорытындысын жариялаған болатын. Аттестация қорытындысы бойынша бірінші басшылардың 60 пайызы ауысқан.

12 қараша 2019 ж. 817 0