Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жанайқайын жеткізгеннен кейін": Қазақстанда өрт сөндірушілердің жалақысы артады

"Жанайқайын жеткізгеннен кейін": Қазақстанда өрт сөндірушілердің жалақысы артады

Қазақстанда өрт сөндірушілердің жалақысы 50 пайызға артады. Мұндай өзгеріс 2020 жылдың қаңтар айынан бастап енгізілмек. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді,

Комитет төрағасының мәліметінше, өрт сөндірушілердің жалақысы 2 жыл бұрын 25 пайызға көтерілген екен. 
«Қазіргі уақытта есептеулер жүргізіліп жатыр. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы артады деп күтудеміз», - дейді Беккер. 
Өз сөзінде ол қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жұмысының алғашқы жылында шамамен 66 мың теңге жалақы алатынын айтты. 2020 жылдың қаңтарынан бастап жұмысқа жаңадан қабылданған өрт сөндірушілер 98 мың теңгеден алатын болады. 
Ал шамамен 100 мың теңге алатындардың жалақысы 60 мың теңгеге артады. 
Беккер жалақының 50 пайызға өсуі тек өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне қатысты екенін айтты. Қалған құтқарушылардың жалақысы 25 пайызға көтерілмек. 
Еске сала кетсек, бұған дейін елордалық өрт сөндірушілер жанайқайын жеткізіп, аз жалақы үшін өмірлерін қатерге тігетінін айтқан еді.
https://stan.kz
16 шілде 2019 ж. 1 227 0