Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айының соңында қазақстандық дәрігерлердің жалақысы артады

Маусым айының соңында қазақстандық дәрігерлердің жалақысы артады

Биылғы жылдың маусым айының соңында денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметкердің жалақысы 30 пайызға дейін артады,

Ағымдағы айда шамамен 400 мыңға жуық қызметкердің жалақысына үстемақы қосылады. Олардың қатарында дәрігерлер, психологтар, фельдшерлер, акушерлер, мейірбикелер, фармацевтер, дәріхана қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер мен тағы басқалары бар. Сондай-ақ, қосалқы қызметкерлер – іс жүргізушілер, операторлар, хатшылар; техникалық қызметкерлер – санитарлар, жүргізушілер, аула сыпырушылар, күзетшілер мен тағы басқалары; әкімшілік қызметкерлер – есепшілер, бағдарламашылар, кадр жөніндегі инспекторлар және басқалары; басқарушы қызметкерлер – басшылар мен олардың орынбасарлары, бас есепшілер мен тағы басқаларының жалақысы артады. 
Хабарланғандай, қызметкердің жалақысының мөлшері атқарып отырған қызметіне, біліктілік санатының бар-жоғына және еңбек өтіліне байланысты болады. 
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған еді.
Артынша қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын арттыру мерзімі 2019 жылдың 1 маусымына өзгертілді.
07 маусым 2019 ж. 870 0