Дәрігерлер маусым айының соңынан бастап 30 пайызға артқан жалақы алады

Категориялар тізімі Жалақы, теңге өсім қазіргі қосылғаны теңге %
категориясыз 94 095 122 323 28 228 30%
екінші 106 164 138 014 31 849 30%
бірінші 111 031 144 340 33 309 30%
жоғары 122 516 159 271 36 755 30%
Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбекақысы олардың лауазымына, жұмыс өтілі мен квалификациялық категориясына қарай өседі. Естеріңізге салсақ, бұл шара Елбасының 2019 жылы 27 ақпандағы «Нұр Отанның» XVIII съездінде берген тапсырмасы аясында жүзеге асуда. 2019 жылы 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақасы 30 пайызға дейін артуы тиіс еді. Кейін бұл қадам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2019 жылдың 1 маусымына ауыстырылды.