Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы тағы 30 пайызға артады

2020 жылы дәрігерлердің жалақысы тағы 30 пайызға артады

Қазақстанда 2020 жылдың ақпанына дейін денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің жалақысын 70 пайызға арттыру жоспарлануда. Бұл туралы еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында өткен есеп беру кездесуінде мәлімдеді,

Денсаулық сақтау министрі медицина саласының қызметкерлерінің орташа жалақысы үстемақыны есепке алғанда 30 пайызға артатынын айтты. 
«Яғни бұл адамдар қолға алатын жалақының көтерілуі. Бұл орайда айта кетерлік жайт, біз тиісті қаражатты қаржыландыруға салдық. Көбі денсаулық сақтау саласында жалақыны денсаулық сақтау министрі немесе мемлекет тағайындайды деп ойлайды. Алайда олай емес. Біз медициналық ұйымдарға қызметтері үшін ақша төлейміз. Соқырішекті емдесе, белгіленген баға бар. Біз оны тариф деп атаймыз және осы тарифке жалақыға қажетті шығынды саламыз. Ақша медицина қызметкерлеріне жетуі үшін, аталған тарифті арттырып отырамыз», - дейді Біртанов. 
Ведомство басшысының сөзінше, биылғы жылдың ақпан айынан келесі жылдың ақпанына дейін барлық сала қызметкерлерінің жалақысы шамамен 70 пайызға артады. Министрдің есебінше, 400 мың медицина қызметкерінің жалақысы көтеріледі.
http://stan.kz
18 маусым 2019 ж. 962 0