Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жеті жылда 9 мың баланың жүрегіне ашық ота жасалған

Қазақстанда жеті жылда 9 мың баланың жүрегіне ашық ота жасалған

Ақтөбеде Президенттің қатысуымен өтіп жатқан халықаралық форум кезінде елімізде соңғы жылда 9 мың баланың жүрегіне ашық ота жасалғаны айтылды. Денсаулық сақтау министрі инфрақұрылымды дамыту бағытында алдағы 3 жылда алғашқы көмек көрсетуге бағытталған 600 нысан салынатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аталған нысандар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асыру жоспарланған.
"Ауруханалардағы қабылдау бөлімінде халықаралық стандарт қабылданды. Жедел көмек көрсету дәрігері мен жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Балалар кардиохирургиясына көп көңіл бөлінуде. Соңғы 7 жылда елімізде 12 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық ота жасалды. Оның ішінде 9 мың бала жүрегіне ашық ота жасатты. Балалар онкологиясы да назардан тыс қалмады"."Балаларды емдеу үшін тінді трансплантациялау жүрді. Мемлекеттік бағдарлама аясында дәрігерлер тапшылық мәселесін жою бағытында жұмыс жүріп жатыр. Мемлекет есебінен оқып жатқан студенттер 3 жыл жолдамамен бағытталған емдеу мекемесіне барады",- дейді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Министрдің мәліметінше, алғашқы медициналық көмек бағыты бойынша скринингпен қамту қолға алынды. Үш созылмалы ауру түрі бойынша 200 мыңнан астам адам тексеруден өтіп, нәтижесінде олардың ауруханаға түсуі 2,5 есе азайған. Алғашқы көмек көрсететін 165 бекет, 1 мыңнан астам дәрігерлік учаске ашылған. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге бөлінген қаржы биыл 40 пайызға артқаны айтылды.
"Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға арттыру, Президенттің 2019 жылдың 1 маусымынан бастап беру туралы тапсырмасына орай қосымша 43 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. 2020-2021 жылдарға 80 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылды. Осы жылдың маусым айынан бастап жалақы 30 пайызға көтерілетін болды. Барлық медицина қызметкерлері атынан алғыс айтамыз",- деді Біртанов.
https://kaz.nur​​​

22 мамыр 2019 ж. 909 0