Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау дәрігерлері 1,5 жасар сәбидің асқазанынан батарея алды

Маңғыстау дәрігерлері 1,5 жасар сәбидің асқазанынан батарея алды

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бір жарым жастағы қыз баланың асқазанынан батарея алып шықты. Жаңаөзендік сәби үйінде ойнап отырып, теледидар пультінің батареясын абайсызда жұтып қойған, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Сәби құсып, мазасы кетіп ауырғаннан кейін ата-анасы ауруханаға әкеліп УДЗ түсірген. Жаңаөзендік дәрігерлер қыз баланың асқазанында бөтен заттың тұрғанын біліп, шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жіберген. Анестезиология және жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келемановпен бірге  анестезиолог-реаниматолог Бақытжан Сәрсенбайұлы батарейканы 1 сағат көлемінде хирургиялық отасыз арнайы аппаратпен алып шыққан. Қазір баланың жағдайы жақсы, үйіне қайтарылған. «Сәбидің асқазанында батарейканың жатқанына 2 күн болған. Ата-анасы қызының батарейка жұтып қойғанын білмеген екен. Егер ол іште ерігенде онда аман алып қалу мүмкін болмас еді», — деп мәлімдеді МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері А. Сәрсенбаев. Мамандар ұсақ-түйек үшкір әрі өткір заттарды балаларға бермеу керектігін қатаң ескертеді. Әсіресе магнит, шеге, батарейка қауіпті заттардың балалардың ұстамауын қадалаған жөн. Қазбек Келеманов соңғы 3 жылда балалардың асқазанынан алынған заттарды жинап жүр екен. Айта кетейік, 1978 жылы негізі қаланған Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының медициналық қызметтерін орындаушылардың бірі. Бүгінде 175 орындық балалар ауруханасында 11 бөлім бар. — Қазіргі уақытта балалар ауруханасы облыстағы балаларды емдейтін жалғыз көпфункционалды стационар мекеме саналады. Бұл мекемеде кәсіби мамандар жеткілікті, сапалы медициналық қызмет көрсетуге әлеуеті жоғары, — дейді «ӘМСҚ»Маңғыстау филиалы Медициналық қызмет көрсетудің сапасын бақылау бөлімі басшысы Мадина Баспаева.
mangystaumedia.kz
15 ақпан 2019 ж. 1 097 0