Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару

Иә, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасы жайлы көптен бері айтылып келеді. Нақты кезеңде облыста басқарудың жаңа формасына жататын 914 көппәтерлі тұрғын үй бар. Сәуір айындағы жағдай бойынша енді Қызылорда өңіріндегі 910 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа формасында басқарылады. Яғни, 9 меншік иелері бірлестігі және 901 жай серіктестік құрылды.
Айта кетейік, облыс бойынша кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына қатысты нормативтік құқықтық актілерін бекіту және ақпараттандыруға арналған іс-шара жоспары бекітілді.Бұған қоса,құрылған жаңа басқару органдарына жинақ шотын ашу, кондоминиум нысандарын әділет органына тіркеу, нормативтік құжаттарды бекіту жұмыстары жүруде.
Мемлекет басшысы «Мүліктің меншік иелері бірлестігінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырма бергені баршаға мәлім. Оны орындау мақсатында биылғы ақпан айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бекіткен тұрғын үй реформасы мәселесі бойынша шиеленісті жою жөніндегі медиа-жоспар жасалды. Оған сәйкес, жаңа реформа туралы және МИБ/ЖС-ке көшу бойынша бейнеконференция желісі арқылы өңірлік сарапшылармен пікір алмасулар өтті.
Онлайн режимдегі семинарға Алматыда құрылған тұрғын үй реформасы жөніндегі комитеттің басшысы, «ТКШ-ИНФО» оқу орталығы және Қызылорда қаласы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсетіп отырған мекемелердің басшылары қатысты. Семинарға қатысушылармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берілді.
21 сәуірде көп пәтерлі тұрғын үйлердің жаңа басқаруға көшуі бойынша жасалып жатқан жұмыстарға талдау жүргізуге арнайы іссапармен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері Комитеті мен «Тұрғын үй-комммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ маманы Азамат Бежібаевтың қатысуымен онлайн семинар өтті. Оған қала және аудандық ТКШ бөлімдерінің мамандары қатысып, өз ұсыныстарын білдірді. Соңында сұрақтар қойылып, мамандар пікір алмасты.

Анықтама ретінде: Қызылорда қаласы, Арал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандары  – 100%, ал Сырдария ауданы – 96,6%, Қазалы ауданы – 96,2%. 
Қызылорда қаласы – 575 үй, Арал ауданы – 42 үй, Қазалы – 106 үй, Қармақшы – 56 үй, Жалағаш – 21 үй, Сырдария – 29 үй, Шиелі – 69 үй, Жаңақорған – 16 үй.

syrboyi.kz

24 сәуір 2022 ж. 541 0