Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Арал ауданына жұмыс сапары басталды. Сапар барысында аймақ басшысы теміржол арқылы өтетін автожол көпірінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдау өткізеді. Мұнан бөлек, Нұрлыбек Машбекұлы Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген мәжіліске қатысады. Аудан орталығында салынатын №6 және №5 мөлтек аудандарға инфрақұрылым жүргізу жұмыстарымен танысады.
Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі