Шілдеде Қазақстан мен Пәкістан арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.
8 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Воеіng 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда – экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.