Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Нұр-Сұлтан - Прага - Нұр-Сұлтан» бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

«Нұр-Сұлтан - Прага - Нұр-Сұлтан» бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

Бүгін «Нұр-Сұлтан - Прага - Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша тұрақты әуе рейсінің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі ресми парақшасында. «2019 жылдың 2 маусымынан бастап SCAT әуе компаниясы Қазақстан мен Чехия астаналары Нұр-Сұлтан және Прага қалалары арасында «Boeing 737» ұшағымен аптасына 2 рет тұрақты рейстерді орындайтын болады. Бұл рейстің ашылуы маршруттық желілерді дамытуға ықпал етіп, туризмді дамытуға және екі елдің транзиттік әлеуетін арттыруға үлес қосады» делінген хабарламада. Жыл басынан бері Жуковский-Қарағанды, Жуковский-Көкшетау, Жуковский-Петропавл (ИрАэро), Алматы-Баку (AZAL авиакомпаниясы) бағыттарында жаңа халықаралық бағыттар ашылды. Сонымен қатар, 2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы «Нұр-Сұлтан - Ұланбатыр - Нұр-Сұлтан» бағытындағы тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жыл аяғына дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Нұр-Сұлтан-Токио» тікелей рейсін ашу жоспарланып отыр.
https://24.kz/
30 мамыр 2019 ж. 997 0