Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елорданы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді

Елорданы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді

ҚазАқпарат - Биыл Нұр-Сұлтан қаласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ХІІ Астана экономикалық форумы барысында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов айтты«Биыл елорданың қарқынды өсуімен байланысты сын-тегеуріндерді, қала аумағының әркелкі дамуын және бүкіл әлемнен таланттарды тартуды ескеретін 2050 жылға дейінгі  Нұр-Сұлтан қаласын дамыту стратегиясын әзірлейміз. Стратегиясы мақсаты - тіршілік тартымдылығы мен барлығына арналған жұмыс, жаһандық бәсекеге сай әрі тұрақты экономика сынды сипаттамаларды қамтитын жаһандық деңгейдегі қала құру. Және түптеп келгенде ең алдымен саяси Еуразиялық жаһандық хабқа айналады», - деді елорда әкімі «Жаһандық жібек жолы - қала мэрлерінің форумы» сессиясы барысында. Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан қаласы  бүкіл әлемдегі ниеттестерімен өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейту және нығайту саясатын жалғастыратындығын айтты. «Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанның 32 елде 47 бауырлас және серіктес қаласы бар. Олардың 29-ы астаналар.  Біз олардың әрқайсысымен екіжақты, сондай-ақ көпжақты қарым-қатынас аясында өзара тиімді кооперацияны дамытуға тырысамыз», - деді ол.
https://www.inform.kz
17 мамыр 2019 ж. 772 0