"Астаналық болып қала береміз": Бақыт Сұлтанов елордалықтарға үндеу жасады
Елорда басшысы Бақыт Сұлтанов тұрғындарды Наруыз мерекесімен құттықтай отырып, астананың "Нұр-Сұлтан" атауы Қазақстанның жаңа бейнесін ашып отырғанын айтып өтті деп хабарлайды elorda.info.
Қала басшысы өз сөзінде халықтың наурыз мерекесін әрқашанбиік көңілмен, ерекше ықыласпен қарсы алатынын атап өткен.
"Наурыз - еліміздің ынтымағы мен бірлігін, берекесін уағыздайтын ұлы мейрам. Өткен мен болашақты, татулық пен сыйластықты жалғаған жасампаз мереке. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев алдағы 10 жылды елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосатын шешуші кезең екенін атады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің басты міндетіміз - тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және тұрмысын-тіршілігін жақсартуды жалғастыруды тапсырды.Осынау жаңа жылдың бастауы елімізге ерекше жаңалығымен келіп, жақсылықтың жаршысы болуда. Бүгінде біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Елорда өткеннің құндылықтарын дәріптей отырып, күллі әлемге "Нұр-Сұлтан" атымен Қазақстанның жаңа бейнесін паш етіп отыр. Бұл елбасымыздың ерлігі мен ерен еңбегін бағалау, есімін елеп, мәңгілік тариxта қалдыру. Алайда біз бәріміз астаналықтар болып қала береміз. Бұл қалыптасқан термин", - дейді Бақыт Сұлтанов.
Айта кететіні, сөз соңында ел астанасының әкімі қазақстандықтарды мерекемен құттықтаған.
kaz.nur.kz