Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 16-17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ХІІ Астана экономикалық форумы өтеді

16-17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ХІІ Астана экономикалық форумы өтеді

Бұл жолғы тақырып: «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар және экономикалар» деп аталады. Биылғы шараға әлемнің 100-ден астам елінен 5 мыңға жуық делегат келеді. Форум аясында EXPO Конгресс орталығы мен қонақүйлерде бас-аяғы 50 іс-шара өтеді деп жоспарланған. Басты назарға әдеттегідей әлемдік экономиканың ең өзекті мәселелері алынады. Қазақстан үшін олардың оң шешімін табу жолдарын әзірлеу бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді. Жастар жылындағы бір ерекшелік, студенттер үшін арнайы сұхбат алаңдары ұйымдастырылады. Болашақ экономистер, жетекші халықаралық сарапшылар мен Нобель сыйлығының лауреттары оқитын лекцияларды тыңдап, еркін тілдесе алады. Айбол Арғынғазинов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры: - Форумның соңында Астана экономикалық форумының негізгі мақсаттары мен ұсыныстарын талқылайтын қорытынды дискуссияны ұйымдастыру өткізіліп отыр. Бұл да Астана экономикалық форумының негізгі жаңалықтарының бірі деп айтуға болады. Қорыта келгенде Астана экономикалық форумы жаһандық сарапшылардың, отандық экономистердің ақыл-ойын бір нүктеге шоғырландырып біздің еліміздің келешектегі даму жолдарын, даму бағыттарын анықтауға көмектеседі деп ойлаймыз.
https://24.kz
03 мамыр 2019 ж. 1 042 0