Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда күн суытады

Қазақстанда күн суытады

"Қазгидромет" синоптиктері 30 тамыз – 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ел аумағына батыс антициклоны жылжи бастайды. Ол Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.
Елдің солтүстігінде ауа температурасы +12…+17 градус, шығысында да +12…+17 градус болады.
Орталық аймақтарда +15…+20 градус күтіледі.
Оңтүстікте +23…+28 градус болады.
Оңтүстік-батыста ауа температурасы +25…+30 градус шамасында сақталады.
Батыста ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: +27…+32 градустан қатты ыстық +32…+37 градусқа дейін жетеді.
02 қыркүйек 2025 ж. 115 0