Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жаңбыр күтіледі. Еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанады, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі.

"Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз батыс аймақтарда 27-35 градус жылыға дейін; солтүстік-батыс аймақтарда 20-30 градус жылыға дейін; солтүстікте 17-25 градус жылыға дейін; орталықта 18-28 градус жылыға дейін; елдің шығысында ауа температурасы 18-28 градус жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасы 22-30 градус жылы", - деп жазылған хабарламада.

Сурет: kaz.tengrinews.kz
26 тамыз 2024 ж. 151 0