Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде 35 градусқа дейін ыстық болады

Елде 35 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады, жаңбыр, найзағай, тек республиканың солтүстік-батысында антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Қазақстан бойынша ауа температурасы күндіз: негізгі фон батыс өңірлерде 27-35 градус жылы, солтүстік-батыста 25-30 градус жылы күтіледі, солтүстікте, шығыста, орталықта 18-27 градус жылыға дейін аздап төмендейді, оңтүстікте 25-33 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 23-30 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы болжанады.

baq.kz
24 мамыр 2023 ж. 301 0