Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жел және жаңбыр: 31 наурызға арналған ауа райы болжамы

Жел және жаңбыр: 31 наурызға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" 31 наурызда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін хабарлады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
Жұмада Астанада аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с екпінмен соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 10-12 граудс жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 8-13, күндіз екпіні секундына 17-22 метр болады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 21-23 градус жылы.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады.
Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, кейде нөсер болады (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 жел соғады, солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні секундына 17-22 метр, кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп болады.
Оңтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, кейде нөсер болады (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 17-22, кей жерлерде 30 метр және одан да көп жел соғады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Шығыстан жел соғады, солтүстік-шығыстан 8-13, түнде солтүстікте, таулы аймақтарда, күндіз облыстың басым бөлігінде 17-22, күндіз таулы аймақтарда екпіні секундына 28 метрге жетеді
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстік-батысында нөсер болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады секундына 9-14 метр, облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, күндіз 10-15 градус жылы
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14, түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстікте, облыс орталығында секундына 15-20 метр болады.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын жауады (көбінесе көктайғақ). Жел солтүстік-батыстан, солтүстікте 9-14, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20, екпіні 23-28, кейде секундына 30 метр және одан да көп болады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, күндіз облыстың солтүстік-шығысында кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп жел соғады.
31 наурыз 2023 ж. 415 0