Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 наурызға арналған ауа райы болжамы

4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 4 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында аздаған қар жауады, боран соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20, кейде 23 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстік-шығысында 18, күндіз 2-7 аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 жылы.

Жетісу облысында солтүстікте, орталықта, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20, түнде кей жерлерде 25 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-2 градус аяз, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 8-13 аяз, күндіз солтүстікте, таулы аймақтарда 7-12 градус.

Түркістан облысында түнде тауларда қар, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен 8-13, облыстың таулы асуларында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 1-6 аяз, күндіз 17-22 градус жылы, облыстың солтүстігінде 9-14 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстіктен 9-14, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында 8С градус аяз, күндіз 2-3С градус жылы, облыстың батысында да 6С градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысында көбіне түнде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жауын-шашын (негізінен қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран соғады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-шығысында кей жерлерде 30 м/с және одан көп, күндіз 9-14, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с. 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 аяз, облыстың оңтүстігінде 0-5 жылы, күндіз 2 аяз 3 жылы, облыстың шығысында 5 градус жылы.

04 наурыз 2023 ж. 277 0