Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз 8-10°C жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы түнде 5-7°C, күндіз 14-16°C жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 9-11°C, күндіз 11-13°C жылы.
baq.kzТүркістан облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады.