Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
![](/uploads/posts/2018-10/medium/1540485289_07a642beaec120c5b921a2f39aa922ba_crop_l_8_t_0_w_459_h_258_resize_w_520_h_.jpg)
Қазгидрометтің мәліметінше, ертең, 26 қазан, көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0... +2 °С, күндіз +11...+13°С.
Сенбі, 27 қазан, көшпелі бұлт шығып, түсте жауын жауады. Жел оңтүстік бағыттан 7-12 м/с соғады, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5 °С, күндіз +13...+15 °С күтіледі.
Ал, 28 қазан күні көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын шашын күтіледі. Жел батыстан соғады 7-12, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +3...+5 °С құрайды.
Baq.kz