Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін

Қазақстанның бірқатар аймағында 1 маусымға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромедтің хабарлауынша, 1 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Ал, 2 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Сонымен қатар, кей жерде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыска ауысады 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде көптеген жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Жаңбыр. Кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін
Ал, Астанада маусымның 1-2 күндері оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Найзағай, күндіз дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

31 мамыр 2018 ж. 1 301 0