Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болады

Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болады

Қазан айының басында ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Солтүстік пен шығыс, орталық аймақтарда ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынды болады.
Түнде 0…5 градус аязды көрсетсе, күндіз 7…15 градус жылылықты көрсетеді. Оңтүстік-шығыста күн күркіреп, жауын жауады. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 17-25 жылылықты көрсетеді. Кейін Орта Азиядан келген жылылықпен бірге күн ысып, күн ашық болады.
Солтүстік жартышарда +15…+22 °С, оңтүстік жартышарда + 23…+28°С-қа дейін күн жылы болады.
3-4 қазан күндері елдің батыс аймағында жауын жауады, кейін шығысқа ауысады. Айдың алғашқы және екінші онкүндігінде елімізің басқа облыстарында да жауын-шашынды болады.
Солтүстік жартышарда түнде 5…13 аяз, күндіз 0…5 аяз болады. Оңтүстік жартышарда түнде 0…5 аяз, күндіз 10…18 болады.
Қорыта айтқанда, қазан айындағы ауа температурасы нормадан жоғары болады. Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында нормаға жуық болады.
Жауын-шашын мөлшері ШҚО-да нормадан көп болады. СҚО мен Ақмола, Павлодар, Қостанай, БҚО, Ақтөбе, Алматы облысында нормаға жуық болады. Қалған облыста нормадан аз деп болжанды.
Консультативті болжам ауа райына қатысты өзгеруі мүмкін.
01 қазан 2018 ж. 2 029 0