Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Мамыр айының басында күн салқын болып, жауын-шашын жауады және жел күшейеді. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жылы болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Бірінші онкүндікте ауа райы суытып, батыс пен оңтүстік-батыста ауа райы күндіз 17-25 градус аралығында, түнде 5-13 аралығында жылы болады. Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда күндіз ауа райы 2-10 градус аралығында ғана жылы болса, түнде 0-5 градус аралығында жылы болады.
Айдың екінші жартысында арктикалық суық ауа массасы келіп, үсік шалуы мүмкін.
Мамырдың үшінші жартысында Орталық Азиядан жылы ауа массасы келіп, ауа температурасы күндіз 20 градустан 28 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.
Жалпы алғанда, көктемнің соңғы айы жауын-шашынды болады. Еліміздің батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында және таулы аймақтарда жауын-шашын мөлшері әдеттегі нормадан көп болады.

baq.kz​​​
28 сәуір 2018 ж. 2 464 0