Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәуір айына арналған ауа райы болжамы

Сәуір айына арналған ауа райы болжамы

Сәуір айының екінші жартысынан бастап ауа райы жылына бастайды. Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болып, қар мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Gismeteo.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада айдың басында күн аздап суытып, күндіз ауа температурасы 2-3 градусқа дейін салқын болса, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Сәуірдің 24-26 аралығында күн жылынып, аспан бұлтсыз болады деп күтілуде.
Алматыда айдың бірінші жартысында күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Ал айдың ортасынан бастап ауа райы 11-19 градусқа дейін жылынады.
Атырау облысында күндіз ауа температурасы 1-10 градус аралығында жылы болса, түнде 13 градусқа дейін суып кетеді. Айдың ортасынан бастап ауа райы айтарлықтай жылынады.
Шығыс Қазақстан облысында айдың екінші жартысынан бастап күн ашық болып, ара-тұра жауын сіркіреуі мүмкін.
Батыс Қазақстанда бір ай бойы жаңбыр жауады. Айдың ортасынан бастап 16-19 градус жылынса, түнде 8-10 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстанда қар да, жаңбыр да жауады. 4, 26 сәуір күндері күн ашық болады.
Оңтүстік Қазақстанда айдың орташа жылылығы 18-22 градус аралығында болады. Аздаған жауын жауып, найзағай ойнайды.
31 наурыз 2018 ж. 3 643 0