Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына ауа райы болжамы жарияланды

Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына ауа райы болжамы жарияланды

Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамыҚазгидромет күздің алғашқы айы – қыркүйекке ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik. 
Тамыз айының соңындағы бұлтты және жаңбырлы ауа райы қыркүйекте жалғасады. Айдың басында арктикалық ауа массаларының қарқынды ығысуына байланысты солтүстік, шығыс пен елдің орталығында күн қатты суытуы мүмкін. 
Елдің солтүстігінде 1-2 қыркүйекте, орталықта 2-3 қыркүйекте, шығыста 3-4 қыркүйекте түнде ауа температурасы түнде 1… 6 градусқа дейін төмендейді, кей жерде 3 градус аяз болады, күндіз 8…16 градус жылы болады 
Тек батыс және оңтүстік өңірлерде күн жылы және жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы күндіз 23…30 ыстық деңгейінде сақталады. 
Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, елдің солтүстік бөлігінде қыркүйектің ортасында және үшінші онкүндігінде күн суытып, түнде үсік жүреді, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады. 
Басқа күндері ауа температурасы аз уақытқа көтеріледі: солтүстікте күндіз 15…25 градус, оңтүстікте 23…30 градусқа дейін болады. 
Сөйтіп, қыркүйекте орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан 1°С жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1°С төмен, ал басқа өңірлерде норма шамасында болады деп болжанып отыр. 
Бір айда түсетін жауын-шашынның мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында нормадан төмен, басқа аумақта нормаға жуық болады. 

sputniknews.kz
01 қыркүйек 2018 ж. 2 908 0