Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер мәліметінше, 23 қазанда Астанада және еліміздің тоғыз облысында жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ұлытау облысының орталығында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Жезқазғанда 23 қазанда түнде солтүстік-батыстан екпіні 18 м/с жел күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

23 қазанда түнде Ақмола облысының солтүстігінде қалың қар жауады деп күтілуде. Облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде орталықта, оңтүстікте, облыстың шығысында екпіні 16 м/с жел соғады. Ақтөбеде 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының орталығында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 23-28 м/с. Семейде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Өскеменде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оралда 23 қазанда түнде және таңертең тұман болады.

23 қазанда таңертең және күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

23 қазанда күндіз Астанада көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с .
22 қазан 2022 ж. 429 0