Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер дабыл қақты

Синоптиктер дабыл қақты

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 27 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде секундына 23-28 метр, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр күтіледі. Қостанай қаласында түнде және күндіз 27 қантарда бұрқасын, батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі. 27 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Петропавл қаласында 27 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады.  27 қантарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 25 метр жетеді. Өскемен қаласында 27 қантарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр жетеді. Семей қаласында 27 қантарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 27 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын сақталады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр сақталады. 27 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде көктайғақ. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр күтіледі. Ақтау қаласында 27 қаңтарда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 
29 қаңтар 2020 ж. 680 0