Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның алты облысында күн бұзылады

Қазақстанның алты облысында күн бұзылады

Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды19 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түркістан қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Өңірде дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20, 23-28 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында осы күні найзағай ойнап, бұршақ жауады. Қалада дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады.  Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23 метр сақталады. 19 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде күндіз секундына 15-20 метр болады. Қостанай қаласында осы күні найзағай жарқылдап, батыстан жел соғады. Желдің қарқыны секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, күші түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, кей жерлерде  секундына 25 метр. Нұр-Сұлтан қаласында түнде 19 мамырда найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - секундына 15-20 метр. 19 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз секундына 25 метрге жетеді. Осы күні Өскемен қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал Семей қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
https://kaz.tengrinews.kz
18 мамыр 2019 ж. 1 064 0