«Қазгидромет» 4 өңірде ескерту жариялады

Орал қаласында күндіз (сағ 08.00-ден 20.00-ге дейін) батыстан, оңтүстік -батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін артады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с артатыны күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады.
Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал. Найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.
Сондай-ақ Ақмола облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде найзағай жарқылдайды.
Ал Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 18 м/с-қа артуы ықтимал.
inform.kz