Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы үш күнде кей өңірде қар жауады .

Қазақстанда алдағы үш күнде кей өңірде қар жауады .

«Қазгидромет» РМК 21-23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Суық циклонның атмосфералық фронттары Қазақстанға жылжып келеді. Оның әсерінен батыста, содан кейін солтүстікте және 23 сәуірде республиканың шығыс аудандарында жаңбыр жауады.
Оңтүстік облыстарда жаңбыр найзағайлы және екпінді желмен жауатын болады. Солтүстік облыстарда жаңбыр, кей уақыттарда сулы қар мен тұман түседі.
21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дабылды ескерту жарияланды, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Петропавл қаласында 21 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Baq.kz
20 сәуір 2018 ж. 1 289 0