"Тұман және көктайғақ": 18 қазан дабылды ескерту жарияланды

18 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан келетін желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, кейбір аймақта тұман түсіп, көктайғақ болады.Ертең Петропавлда солтүстік-батыстан келетін жел секундына 25 метр жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысында 18 қазан күні кей жерлерде оңтүстік-батыстан келетін желдің жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге, күндіз секундына 25 метрге дейін жетеді.
Өскемен мен Семей қалаларында күндіз оңтүстік-батыстан келетін жел секундына 15-20 метрге дейінгі жылдамдықпен соғады. 18 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады және солтүстік-батыстан келетін жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Сондай-ақ, 18 қазан күні Қызылорда облысының кей жерлерінде батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді және тұман түседі. Мұнымен қатар, аталған облыстың кейбір аймақтарында жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен ұйытқуы мүмкін.
sputniknews.kz