Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа райы қалай болады?

Бүгін ауа райы қалай болады?

Кейбір қалаларды шаңды дауыл соғады.Синоптиктер 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik"Қазгидрометке" сілтеме жасап. 
Антициклон Қазақстан облыстарының басым бөлігіне ықпал етеді. Соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің солтүстік батысы мен солтүстігінде аздаған жауын жаууы ықтимал. Алайда осы күні республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, соңы шаңды дауылға ұласуы мүмкін.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге, ал екпіні 25 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және күндіз бірқатар аймақта тұман түседі деген болжам бар.
Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысында желдің соңы шаңды дауылға ұласуы ықтимал. Қарағанды облысында түнде және таң ата кей жерлерде тұман түсіп жел секундына 18 метр жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерге тұман түсуі ықтимал. Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.
sputniknews
06 қыркүйек 2018 ж. 1 389 0