14 мамырға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел күшейеді. Күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с болса, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с-ке жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылайды, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, сондай-ақ Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.
Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман түседі.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
baq.kz