Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болып, оңтүстікте найзағай ойнайды.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с жетеді.
Қызылорда облысында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін, күндіз кей жерлерде жел15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.