Ертең қай өңірлерде бұршақ жауады?

Ақмола облысының кейбір аумақтарына түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жел алдымен солтүстіктен, артынша солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.
Дауыл тұру қаупі - 90-95%. Бұған дейін Ақтөбе облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.
inform.kz