Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 шілде күні еліміздің жекелеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Республиканың тек батысында, оңтүстігінде және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз дауыл тұрып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Жамбыл, Қостанай, Ақмола, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарында бұршақ болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында қатты ыстық күтіледі. Сондай-ақ Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Baq.kz
11 шілде 2018 ж. 1 414 0