Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның барлық аумағында дерлік қатты жел күтіледі

Қазақстанның барлық аумағында дерлік қатты жел күтіледі

Қазақстан бойынша 30 наурызға арналған райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды stan.kzақпарат агенттігі.

Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +1...+3°C.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел екпіні 16 м/с жетеді.  Түнгі температура +9...+11°C, күндіз +16...+18°C.
Шымкентте күн бұлтты, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.
Ақтауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +13...+15°C.  
Шығыста, облыс орталығында шаңды дауыл соғады. 
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с.  Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +10...+12°C.
Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 18 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +21...+23°C.  Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Жезқазғанда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел екпіні 18 м/с.  Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +15...+17°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с күтіледі.  Ауа температурасы түнде нөлден +2°C-қа дейін, күндіз +4...+6°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с күтіледі.  Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +1...+3°C.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күшейеді.  Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +16...+18°C.
Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +4...+6°C.
Қызылорда үшін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с күтіледі.  Ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +26…+28°C.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.  Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі.  Ауа температурасы түнде -5…-7, күндіз нөлден +2°С-қа дейін.
Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15 м/с күтіледі.  Ауа температурасы түнде нөлден -2°C, күндіз +4...+6°C.  Күндіз батыста, солтүстікте, облыс орталығында жаңбыр күтіледі.
Талдықорған үшін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с күтіледі.  Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +19...+21°C.
Таразда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.  Таңертең және күндіз таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +25...+27°C.  Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі.
Оралда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +14...+16°C.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15 м/с жетеді.  Ауа температурасы түнде нөлден -2°C, күндіз +7...+9°C.

30 наурыз 2023 ж. 491 0