16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Елдің оңтүстік-шығысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шы,ып, күн жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 м/с-ке жетеді. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 градус жылы болады.