БИЫЛ ОБЛЫСТА ЖРВИ КӨРСЕТКІШІ 2,6 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

- Жіті респираторлық вирустық инфекциялар - тұмау, парагрипп, аденовирус және респираторлық-синцитиальды вирустардан туындайтын, ауа-тамшылары арқылы таралатын аурулар тобы. Инфекция жөтелгенде, түшкіргенде және тұрмыстық байланыс арқылы жұғады. ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі жолы - вакцинация. Биыл облысқа тегін егуге 85 мыңнан аса доза вакцина жеткізілді. Ол алдымен диспансерлік есептегі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және қарттарға салынады. Айта кетейін, аймақта вакцинациялау жұмыстары бүгіннен басталды, - деді Жаңыл Исақызы.
- Қазір күз мезгілі басталып, ауа райы құбылмалы кезеңге өтті. Бұл уақыт ЖРВИ мен тұмаудың өршитін шағы. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 1 қазаннан бастап медицина ұйымдарының қызметкерлері маска режимін сақтайды. Сондай-ақ дезинфекциялық шаралар күшейтіліп, ұйымдасқан ұжымдарда профилактикаға бақылау артады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмаудан қорғаудың жалғыз әрі ең тиімді жолы ретінде вакцинацияны ұсынады. Осы мақсатта облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады, – деді Әлия Мүтәліпқызы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі