Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел дамуына еңбек сіңірген азаматтар марапатталды

Ел дамуына еңбек сіңірген азаматтар марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары қатысты.
Аймақ басшысы Қазақстан Парламентінің ел тәуелсіздігін нығайтудағы және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ерекше рөліне тоқталды.
«Отыз жылдан астам уақытта Қазақстан Парламенті тәуелсіз еліміздің құқықтық негізін қалыптастыруға, мемлекеттік институттарды нығайтуға және еліміздің тұрақты дамуына зор үлес қосты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Елімізде саяси және заңнамалық тұрғыдан сапасы жоғары парламенттік мәдениет қалыптасты. Бұл – Қазақстанды дамыған ел ретінде айқындайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі. Парламенттің әрбір шақырылымы Қазақстанның алға қарай нық сеніммен қадам басуына зор серпін берді», - деген болатын.
1995 жылғы Конституцияның қабылдануы қос палаталы кәсіби Парламенттің қалыптасуына жол ашты. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған үш жарым мыңға жуық заң қабылданды, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі қалыптасты.
Конституциялық реформалардың нәтижесінде Парламенттің өкілеттігі кеңейіп, депутаттық корпус пен азаматтық қоғам арасындағы байланыс нығайды.
1995 жылдан бері өңірімізден 27 азамат Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісіне депутат болып сайланды. Олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелердің шешілуіне зор үлесін қосты. Арал өңірінің экологиялық ахуалы, су қауіпсіздігі, ауылдарды қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы бастамалар – соның айқын дәлелелі.
Осы ретте ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, елге адал қызмет еткен аймағымыздан сайланған Парламент депутаттарына барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Шарада Биғали Қаюпов, Балайым Кесебаева сөз сөйлеп, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азамат «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» медалімен марапатталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

18 тамыз 2026 ж. 33 0