Үйден дауыс беруші қарттарымызға құрмет көрсетілді
Құрылтай сайлауы күні денсаулығына байланысты дауыс беру учаскесіне келе алмаған сайлаушылар үшін №34 және №35 дауыс беру учаскелерінде үй жағдайында таңдау жасауына мүмкіндіктер жасалған. Осы орайда, учаскелік дауыс беру комиссия мүшелері жүріп-тұруы қиын зейнеткерлер үйін аралап, олардың дауыс беру құқықтарын назардан тыс қалдырмады.
Ел ертеңіне үлкен сенім білдііріп, болашақ ұрпағы үшін алаңдайтын қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетіліп, дауыс беру учаскелерінің арнайы сыйлықтары табыс етілді.










