Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өлімге әкелуі мүмкін: емделіп жүргенде жеуге болмайтын тағамдар

Өлімге әкелуі мүмкін: емделіп жүргенде жеуге болмайтын тағамдар

Емделіп, дәрі-дәрмек қабылдап жүрген кезде кейбір азық-түлікке қызықпаған жөн. Мұндай дәрі мен тағамды бірге ішкен адам тіпті өліп кетуі мүмкін Кейбір азық-түлік түрлері дәрі ішіп жүрген науқастың рационына кірмеуі тиіс. 
Бұндай пайдалы ақпаратпен Ресейдің ғылыми-медициналық терапевтер қоғамының мүшесі, фармаколог Андрей Кондрахин бөлісті, деп хабарлайды News.ru порталы.
Маманның мәліметінше, аспирин немесе ибупрофен ішкен кезде таңқурайдан бас тартқан дұрыс. Себебі бұл жидектің құрамында табиғи салицил қышқылы бар. Дәрігердің айтуынша, дәрі мен тағамның бұндай үйлесімінің салдарынан іштен қан кетуі мүмкін. 
Ал грейпфрут шырынын холестерин деңгейін төмендететін дәрімен бірге ішкен науқас өліп кетеді. Маман осындай жағдайлар болғанын алға тартты. Десек те, оны басқа дәрілермен де қабылдап керек емес, ол дәрмек құрамындағы заттың еруіне жауапты ферменттің жұмысын тежейді. Салдарынан ағзада зиянды заттар жиналып, ол науқасты біртіндеп улай бастайды.
Бұған қоса, ем-дом кезінде сүт ішуге болмайды. Оның құрамында кальций көп. Кальций дәрімен араласқан жағдайда тұз түріндегі ерімейтін тұнба қалыптасуы мүмкін. Ол осылайша ағзаға түсетін препараттың қажетті затының мөлшерін азайтады. Әсіресе, сүт пен антибиотиктерді қатар қабылдауға болмайтынын есте сақтаған жөн.
Сонымен қатар, шпинат, брокколи мен салатты варфарин секілді қанды сұйылтатын дәрі-дәрмекпен бірге қабылдамаған дұрыс. Ал шеңгел, қара шетен, бүлдірген мен қызылша қан қысымын түсіретін препараттардың әсерін біршама күшейтуі мүмкін. Ірімшік психотроптық дәрілерді қабылдау кезінде гипертониялық криз бен құрысуға әкеледі деген қауіп бар.
https://sputniknews.kz/society/20190923/11608639/emdelip-zhurgende-zheuge-bolmaytyn-tagamdar.html
24 қыркүйек 2019 ж. 1 053 0