Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тегін дәрі-дәрмек тізімі 70 атаумен толығады

Елімізде тегін дәрі-дәрмек тізімі 70 атаумен толығады


Жыл соңында және келер жылдың басында науқастарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ісінде қиындықтар туындайтын деп хабарлайды Хабар 24.
Орталық коммуникациялар қызметінде сала мамандары сөз алып, 2019 жылдың жұмыс жоспары жайында баяндайды. Бізге мәлім дерек бойынша, қазақстандық «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының қоймасына дәрі-дәрмек партиялары желтоқсан айының басында жеткізіледі. Ал келер жылдың қаңтарында препараттар медициналық мекемелерге үлестірілуі тиіс. Алдын ала мәліметке сай, бүгінде ем қабылдаушы азаматтар үшін тегін дәрі-дәрмектің 83 проценттен астамы сатып алынған.
Алдағы жылы осы тізімге 1144 медикамент атауы енгізілмек. Сондай-ақ амбулаторлық емге мұқтаж науқастар үшін 70 преапарат аталымы жеткізілмек. Ал емханалардың алдын ала берген тапсырыстарынан бүгінде 200 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Екі тендер өткізіліп, 72 млрд теңгеге 350-ге жуық дәрі сатып алынды.
25 қараша 2018 ж. 1 025 0