Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада 3,4 млрд теңгеге қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Астанада 3,4 млрд теңгеге қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Тамызда Астанада құны 3,4 млрд теңге болатын қоқысты қайта өңдеуші зауыттың құрылысы басталады. Бұл жөнінде елорданы одан әрі дамыту жөніндегі мәжіліс барысында қала әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қоқысты қайта өңдеу бағытында инвестор анықталды. Ол 2017 жылы қоқыс таситын көліктер мен 2 мың контейнер сатып алуға 1 млрд теңге инвестиция салған. Пластик пен қағазды қайта өңдеу бойынша екі цех іске қосылды. Осы жылы аталған саланы модернизациялауға 5,2 млрд теңге бөлінеді», - деп атап өтті қала басшысы.
Исекешевтің айтуынша, осыған байланысты елде алғаш рет қалада қоқыстарды «ылғал» және «құрғақ» топтарына бөлу бойынша жинайтын жүйе енгізіледі. Ол үшін 1,8 млрд теңгеге 25 қоқыс таситын көлік пен 6 мың контейнер сатып алынады.
«Конкурс қорытындысы бойынша азық-түлік бөліктерін қордаландыру жолымен қалдықтарды қайта өңдеудің француз технологиясы анықталды. Құны 3,4 млрд болатын зауыт құрылысы осы жылдың тамыз айында басталып, 2019 жылдың қыркүйегінде аяқталады. Технология 180 мың тонна органиканы немесе жалпы көлемдегі қалдықтың 50%-ын қайта өңдеуге мүмкіндік береді. 2019 жылы қайта өңдеу тереңді 75%-ға жететін қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және көмудің заманауи жоғары технологиялық бірыңғай жүйесі құрылады», - деді қала әкімі.

Baq.kz
06 сәуір 2018 ж. 1 716 0