Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда өндіріс пен кәсіпкерлік саласы өрістеп келеді

Аралда өндіріс пен кәсіпкерлік саласы өрістеп келеді

Өткен  жылы өнеркәсіп орындары 9,0 млрд теңгеге жуық өнімдерін өндіріп, салыстырмалы уақытта нақты  көлем  индексі 102,0 пайызды  құрады.
Жыл  көлемінде аудан бойынша барлығы 541,0 мың  тонна тұз қазылып, 206,4 мың тонна йодталған тұз, 2,9 мың  тонна балық, 163 тонна ет, 644  тонна нан және  нан өнімдері, 135,4  мың  текшеметр  кварц  топырағыөндірілді. 
Өңірліккәсіпкерлікті  қолдау  картасынаауданнан 3,7  млрдтеңгенің 7  жобасы енгізілді. Бұған  дейін 4 жоба  жұмыс жасап  келгенболса, 2017  жылы қосымша 2жоба  іске қосылды. Ол «Қаптама кірпіш өндіру» жобасымен «Асфальт-бетон зауыты» жобасы.
Ал, республикалық индустрияландыру картасына енген 93,5 млрд теңгенің «Кальцилендірілген сода өндіру» жобасы бойынша зауыт құрылысы биыл басталады деп жоспарлануда.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бағыты бойынша 250,9 млн теңгенің 13 жобасы субсидияланды. Гранттық қаржыландыру бағыты бойынша 13,5 млн теңгенің 14 жобасы қайтарымсыз грантқа ие  болды.
Өткен жылы «Нәтижеліжұмыспен  қамтуды  және жаппайкәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған бағдарламасы» аясында «Бизнес  бастау» жобасы  бойынша 211 адам, «Бизнес  кеңесші» жобасы  бойынша 37  адамоқытылды. Жыл көлеміндемемлекеттік  бағдарламалар  аясында,барлық қаржы  институттары  арқылыаудан  кәсіпкерлеріне 871,3млн  теңге  несиеберілді. Ауданда  тіркелген шағын және орта бизнес  субъектілерінің саны 110,1 пайызға  өсті.
Аудан тұрғындары арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жалпы құны 2,5 млрд теңгенің 86 жобасын қамтитын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аудандық іс-шаралар жоспары жасалып, 15 округте 638,0 млн теңгенің 41 жобасы іске асырылды.
Аудан  аумағынан өтетін  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралықкөлік  дәлізі бойынан 2 жол сервистік нысандары қызмет  көрсетіпкелсе, бұған қосымша жеке кәсіпкер Г.Елешованың «С» санатты сервистік нысаны пайдалануға  берілді. Биыл тағы екі сервистік нысанның құрылысы жалғасуда.
Сауда саласында да жыл ішінде ауданда 6,0 млрд теңгеге бөлшек сауда, 4,2 млрд теңгеге көтерме сауда жасалды. Бұл бағытта, жеке кәсіпкер Б.Жандаулетовтың «Ер-Ай» сауда  орталығы  ашылды.
15 ақпан 2018 ж. 1 477 0