Жұмаға арналған ауа райы

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста түнде жауын-шашын жауады (жаңбыр, жылбысқы қар), бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде республика бойынша тұман күтіледі, жел күшейеді, түнде солтүстік-батыста көктайғақ күтіледі, күндіз оңтүстік-батыста және оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жауу ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Павлодар, таңертең және күндіз Ақмола, күндіз Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,
Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл, Қарағанды, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Атырау, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.