Қазақстандық фильм Қазан кинофестивалінде үздік атанды
![](/uploads/posts/2021-09/medium/1631425262_2021-09-11-5bb22457-38d4-46e6-9225-3fbc88caa6a6.jpeg)
Сондай-ақ, картина операторлық жұмысы үшін марапатқа ие болды (Александр Плотников).
Еске салайық, «18 килогерц» фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавадағы Халықаралық кинофестивальде өткен болатын, онда картина сенсациялық түрде гран-при жеңіп алды. Кейін фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды.
«18 килогерц» фильмі - 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі баяндалатын көше тарихы. Фильмдегі басты рольдерді дебютант актерлер сомдаған: Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со. Кинокартина 2020 жылдың қазанында сенсациялық түрде 36-шы Варшава Халықаралық кинофестивалінің гран-приін жеңген болатын.
Одан бөлек, «18 килогерц» фильмі Азиядағы ең ірі кинофестивальде - Пусан халықаралық кинофестивалінің "Азия киносына терезе" атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді.
Енді алдағы күндері Алматыда фильмнің ақтық түсірілімі өтеді.
XVII Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалі Татарстан республикасының астанасында 5-10 қыркүйек аралығында өтті. Биыл форумға 45 елдің кинематографистері өтінім берген.